Басты
Аягөзде Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал салынды
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Аягөз қаласы, Қабанбай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ғимаратына Ұлы Абайдың бейнесі салынды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Муралда ақынымыздың «Adal júrip, Adal tur» деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.
Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», делінген хабарламада.