Семейде кезекші сыныптағы оқушыдан коронавирус анықталды
Семейде 1-сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды. Жеткіншек кезекші сыныпта оқыған, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Ол үйіне келгенде өзін жайсыз сезініп, ата-анасы жедел жәрдем шақырыпты. ПТР тестілеу нәтижесі қауіпті індетке оң нәтиже бергендіктен, онымен бірге оқитын сыныптастары түгелі 14 күндік карантинге оқшауланған. Мектепте дезинфекциялық шаралар өткізіліп, қауіпсіздік күшейтілген.
Жалпы қала мектептеріндегі кезекші сыныптарды қазір 12 мыңнан астам оқушы білім алып жатқанын айта кетейік.
«Бұл оқиғадан кейін бірден ата-аналармен шұғыл онлайн жиналыс ұйымдастырылып, әрбір баланы ПТР тестіден өткізу жөнінде ұсыныс айтылды. Сондай-ақ профилактикалық және тазарту жұмыстары атқарылды. Ғимарат іші толық дезинфекциялық өңдеуден өтті»,-деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Руфия Файнуллаева.