Басты
Жетісудан Абайдың туған жеріне сый-тарту
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы облысы Семей қаласына тарту жасап, шаһарды абаттандыруға үлес қосты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Семейге сыйлық ретінде Жетісулықтар Әуезов даңғылының бойымен 650 миллион теңгеге жүргінші жолын салып берген. Аллеяның құрылысы үстіміздегі жылдың қазан айында аяқталып, қолданысқа тапсырылады.
Сонымен қатар, Алматы облысы ақындарының Абайға арнаулары жинақталған “Адамзаттың Абайы” атты кітаптың тұсауы кесіліп, Ұлы ақынның туған жеріне сыйға тартылды. Өңірдің кәсіби суретшілері арасында “Абай бейнесі” атты суретшілер байқауы өтті. Аталмыш суреттер облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Көркем сурет галереясына қойылды.