Басты

Алматыда танымал блогер өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда Айлуна Рахым атты жас қыз өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. 27 жастағы қыз өз өліміне жігітті айыптап хат қалдырған.

Қайғылы жағдай туралы хабарды НеМолчи.kz қорына 27 жастағы Айлуна Рахымның құрбылары жеткізген.

«Айлунаның ата-анасы жоқ. Ол SMM маманы болып жұмыс істеген және қамқоршы апайынан бөлек тұрған. 11 маусым кешкі сағат 7-де оның денесі табылды. Суицид жасаған қыз хат жазып қалдырған. Онда өз өліміне бір жігітті кінәлайды. Мұқият тергеу жүргізу маңызды. Бізде көп скрин және хабарлама бар, үмітсіздік, қарым-қатынаста проблемалар болғаны анық. Алматы полиция департаментінен қай бап бойынша іс ашылғанын хабарлауды сұраймыз» делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Істің өзге де мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button