Басты

Шахматтан «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов кубогы» турнирі басталды

Бүгін сағат 15:00-де lichess.org ойын алаңында «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың Кубогы» балалар шахмат онлайн-турнирі басталады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Bolashaq» Қауымдастығы ұйымдастырaды.

«Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов турнирдің қатысушыларына арнайы бейне хабарлама жазды.

«Біз отандық шахматты дамытуға үлес қосып, балаларымызға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектескенімізге қуаныштымыз. Пандемия кезеңінде онлайн-форматтар қазақстандық мектептің халықаралық аренадағы позициясын нығайтудың жалғыз қауіпсіз тәсілі болатыны анық. Дәрмен Сәдуақасов Кубогына қатысушылар біздің чемпиондарымыздың жеңісті дәстүрлерін жалғастырады деп үміттенеміз», – деп атап өтті холдинг басшысы.

Сондай-ақ, қазақстандық жас таланттарға отандық спорт жұлдыздары – бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ММА, каратэ және джиу-джитсудан төрт дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, көркем гимнастикадан Азия және Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьева және халықаралық гроссмейстер, 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов ақжарма тілектерін білдірді.

Бұдан басқа, шахматтан 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамник Владимир Крамник (Ресей) және шахмат Әлем Кубогының жеңімпазы, әлем чемпионы атағына үміткер Борис Гельфанд (Израиль) қазақстандық дарындарға өздерінің бейне құттықтауларын жолдады.

Кубокқа қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан 900-ге жуық жас шахматшы өтінім берді.

Олар үш жас санаты бойынша бөлінеді.

2010 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасындағы «А» турнирі;

2006-2009 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы «В» турнирі;

2002-2005 жылдары туған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы «С» турнирі;

Матчқа қатысты комиссияның форматы, шарттары, төрешілігі және жұмысы туралы ақпаратты жарыс ережелерінен білуге болады.

Айта кеткен жөн, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Академияның міндеті – жас шахматшыларды кәсіби даярлау, дарынды жастарды дамыту, Қазақстанда шахматты танымал ету, республикалық және халықаралық жарыстар өткізу. Осы жылдар ішінде Академияның жүздеген оқушылары жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізді, олардың көпшілігі елдегі және шетелдегі түрлі беделді турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button