Басты

Волонтерлер қиын өмірлік жағдайдағы балалар орталығына барды

Олар балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламаларын әзірлеп, аниматорлармен бірге байқаулар өткізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн қатарынан елорда волонтерлері «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып қайтты.

Волонтерлер балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламаларын әзірлеп, аниматорлармен бірге келесідей байқаулар өткізді: сурет салу, пластилинмен жұмыс істеу, Абай оқулары, Tik Tok түсіру, эстафета, футбол, баскетбол сақинасына доп лақтыру, арқан тарту. Барлық қатысушылар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

Волонтерлер шарасында барлық санитарлық нормалар сақталды.

Айта кету керек, елордалық волонтерлер жұмысы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының барлық бағыттарын қамтиды. Олар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, медицина қызметкерлеріне көмек, сенбіліктер ұйымдастыру, Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерімен бірлесіп, карантин нормаларын сақтау бойынша рейдтер жүргізу және т.б. жұмыстармен айналысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button