Басты

Бастауыш сыныптың 60% дәстүрлі режимде оқиды-Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарды енгізу қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Jana-kezen.kz

«Дәстүрлі оқыту – бұл ақпарат пен білімді жалпы беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бұл белгілі бір мәдениет, бұл әлеуметтену мәселелерін де қамтиды. Ал қашықтан оқыту арқылы мұны үйрету өте қиын», – деді министр елордадағы №73 мектеп-лицейінде.

Сол себепті министр оқытудың аралас формасы таңдалғанын атап өтті.

«Күрделі жағдайға қарамастан, бастауыш сыныптар ата-анасының қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың 60% жуығы дәстүрлі режимде білім алады. Жалпы 7 мың мектептің 3 мыңға жуығы қалыпты режимде оқытылады. Түсінікті себептерге байланысты қашықтан оқытатын мектептер қиындықтарды еңсеріп, сапалы білім беруге қажетті жағдай жасауы қажет», – деді А. Аймағамбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button