SocialБасты

Екі апталық карантинде Алакөлдегі демалыс орындары жұмысын жалғастыра береді

Сондай-ақ көлдің Алматы облысына қарасты жағында тынығуға барғандардан ПТР сынамасының нәтижесі талап етілмейді. Бұл туралы облыстық туризм басқармасы жариялады.

Алакөлдің екі облысқа тиесілі екенін білесіз. Сондықтан Шығыс Қазақстанға қарасты жағында талап басқаша. Яғни ол жақта тынығу үшін коронавирусты жұқтырмағаның туралы анықтама болуы керек.

Алакөлде демалудың ақысы да әр түрлі. Туристік компаниялардың ұсынысы бойынша сегіз күнге арналған турдың ең арзаны 55 мың шамасында. Оған жатын орын, үш мезгіл тамақ және пойызбен Алакөлге барып келу ақысы кіреді. Жайлылығы жағына мән берсеңіз, 100 мың теңгелік турлар да бар.

Сондай-ақ соңғы кезде Каспий жағалауында тынығу сәнге айналып барады. Әрине батыста баға жоғары. Яғни бір адамның Каспий маңында жеті күн тынығу үшін 80 мың теңге шамасында төлейді. Оған ұшақ ақысы, жатын орын және таңғы ас кіреді. Әрине қымбат ұсыныстар да бар.

Мәселен, төрт жұлдызды қонақ үйде тұрақтасаңыз, 250 мың төлейсіз. Ал ең қымбаттары 500 мыңға дейін барады.

Қазақстандық туроператорар Түркияда тынығуға тапсырыс беріп қойған азаматтардан демалыс уақытын ауыстыруды өтінеді. Ұсынысты құп көрмегендер, кеткен шығынды толық талап етуге құқылы. Ереже бойынша туроператор қаржыны 30 күн ішінде қайтарып беруі тиіс.

Бұл туралы «Туристік қамқор» қоры жариялады. Қордың мәліметтеріне қарағанда азаматтар жағдайға түсіністікпен қарап, көбі ұшу уақытын кейінге шегерген. Түркиялық қонақ үйлер де жеңілдік жасап, бағаны сол қалпында сақтауға келісімін берген. Айта кетейік, Түркияда шілде мен тамыз айлары турист ең көп келетін кез. Сондықтан осы мезгілде қонақ үйлер мен демалыс орындарының құны айтарлықтай қымбаттап кететін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button