EducationБасты

Қашықтан оқу: СҚО-да ата-аналар үшін онлайн-курстар өтеді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов брифинг өткізіп, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде айтты, деп хабарлайды Jana-kezenkz

СҚО әкімінің айтуынша, өңір жаңа оқу жылына әзір. Кадр тапшылығы мәселесі толық шешілді. Соңғы үш жылда өңірге 1 390 жас мұғалім келді. Биыл тағы 315 жас маман жұмысқа алынбақ.

Өңірде бүгінде 25 колледж бар. 3 колледж қашықтан жұмыс істесе, 12-сі аралас оқыту жүйесіне көшеді. Ал ауылдардағы 10 арнайы оқу орны штаттық режимде жұмыс істемек.

Қосымша білім беру ұйымдарында оқу қашықтан ұйымдастырылады. Сондай-ақ штаттық режимде 5 адамға дейінгі шағын топтарда жеке сабақтар өткізуге рұқсат етілді. Ал арнайы білім беру ұйымдарында балаларға кеңес беру онлайн режимде өтеді. Балалар сабаққа алдын ала жазылады. Тек күрделі балалар ғана жеке қабылданады.

«Қашықтан оқыту форматы – бұл балалар үшін ғана емес, мұғалімдерге де үлкен сын. Педагогтер үшін «Қашықтан оқимын» онлайн-курсы әзірленді. Қазірдің өзінде 3 мыңға жуық мұғалім даярлықтан өтті. Оқу жылы басталғанға дейін тағы 10 мың адам оқиды. Сондай-ақ, ата-аналарға арналған онлайн-курстар өткізіледі», – дейді Құмар Ақсақалов.

Техникалық қолдау көрсету үшін 20 тамыздан бастап аудандар мен Петропавл қаласында 15 call-орталық жұмысын бастайды.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға үлкен өтініш бар. Оқушыларға үйде оқу оңай емес. Балаларыңыздың сабағына көңіл бөліңіз. Техникамен жұмыс істеуге көмектесіңіз. Бүлдіршіндердің тәрбиесіне және оқуына жауапкершілікпен қарауды сұраймын», – деді өңір басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button