Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «БОРТ N1» тelegram-каналы жазды.
«Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады», делінген хабарламада.