Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 наурыз
№ 175