EducationБасты

«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясын бастады, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.

Шараға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогтар мен ана-аналар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық қоғам және БАҚ өкілдері қатысады.

Акция барысында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып балалардың жеке құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі онлайн-іс шаралар ұйымдастырылады.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту, сонымен қатар балаларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалдыру мәселелері бойынша ата-аналардың онлайн-жиындары  өткізіледі.

Акция шеңберінде өткізілетін әр іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button