EducationБасты

Қарағанды облысында колледждердің үздік студенттері таңдалды

Қарағанды облысында Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Шараның мақсаты – талантты жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарды дәріптеу.

Облыс бойынша байқауға 62 өтінім түсті. Үміткерлер презентациялар дайындап, бейнероликтерде өздерінің қоғамдық қызметі мен болашақ мамандығы туралы айтып берді.

Жұмыстарды құрамына Қоғамдық кеңес мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері және «Сарыарқа дарыны» орталығының өкілдері енген комиссия қарастырды. 24 студент байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Ол 11-20 қазан аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button