19 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қарағанды қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазған қ.: 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қ.: 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
19 тамызда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтау қ.: 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.