Алматыда алғашқы үш күнде қоғамдық көліктерде орналастырылған «ақылды» камералардың көмегімен маска режимі мен әлеуметтік ара қашықтықты бұзғандар анықталды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба «Ақылды» камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік ара қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады»,– деп жазды Instagram-дағы парақшасында Бақытжан Сағынтаев.
Пилоттық жобаның жұмысы туралы кеше Бақытжан Сағынтаев Алматы арнасындағы «Akimat Live» тікелей эфирінде айтқан болатын.