Басты

Алматы облысында дәрі-дәрмекті қымбатқа сату фактілерін қайда хабарлауға болады

Прокуратура Алматы облысында заңсыз дәрі-дәрмек сату, бағасын көтеру жағдайына куә болсаңыз, қайда хабарласуға болатынын еске салды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Алматы облысы прокуратурасының берген мәліметіне сәйкес, дәрілік препараттарды заңсыз алып-сату, жоғары бағада өткізу деректері бойынша жұмыс жалғасуда.

Алматы облысының аумағында құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан құрылған мобильді топ бүгінгі таңда дәрілік препаратты заңсыз алып-сатудың 110 дерегін анықтады. Аталған деректер бойынша 37 дәріхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 10 дерегін анықтады.

Қазіргі таңда заңсыз айналымнан шығарылған құны 13,2 млн тенге болатын дәрілік препараттар облыстық денсаулық басқармасына өткізілді.

Осы саладағы заңбұзушылықты уақтылы анықтап, шара қолдану мақсатында байланыс орталықтары құрылған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау комитетінің 109 жəне 1439 нөмірлеріне немесе төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

– Алматы облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаменті – 8 7282 60 11 69, 8 7282 60 11 80;

– Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті – 8 7272 517 106;

– Алматы облысы бойынша полиция департаменті – 8 7282 608 007, немесе 102.

Сонымен қатар уəкілетті орган тарапынан шара қабылдамау фактілері бойынша Алматы облысының прокуратурасына 8 7282 24 17 80 телефонына хабарлауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button