Басты

Пандемияға қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Қостанай қаласының тұрғыны аймақтағы қатерлі індеттің қайдан шыққанын өзінше топшылап, әлеуметтік желі арқылы «халыққа химиялық у шашылған» деген жалған ақпарат таратқан, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өзінің Instagram парақшасына елді дүрліктіретін қисынсыз ақпарат салып, таратқан   44 жастағы азаматша анықталып, дереу ұсталды.

Қазір оған қатысты ҚР ҚК 274 бабында көрсетілген «Қасақана жалған ақпарат тарату» қылмысы үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button