Басты

Солтүстік Қазақстанда 12 оқушы коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстанның 8 білім ордасында 12 оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Солтүстік Қазақстанда 8 білім ошағында індет тіркелді. Смирнов ауылындағы орта мектепте, «Булаев балабақша кешенінде», №44-ші орта мектепте, № 10-шы орта мектепте, «Бест» гимназиясында және Булаев орта мектебінде бір-бір жағдайдан анықталды. Ленин атындағы орта мектепте 2, «Дарын» мектеп-лицейінде 4 жағдай тіркелді», деді Б. Қожахметов.

Оның айтуынша, аталған білім орындарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді. Ауру белгісі бар адамдардың барлығы 14 күнге оқшауланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button