Басты

Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылды

Абайдың 175 жылдығына орай ғұламаның қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылып шықты. Қазақстанның осы елдегі елшілігі мен Алматыдағы әдебиет және өнер институты бірігіп туындының тұсаукесерін онлайн өткізді, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Жиынға Қазақстан мен Нидерландының елшілері, парламент депутаттары және парламент депутаттары қатысты. Онлайн шарада бас қосқандар Абай мұрасының әлем әдебиеті үшін маңызы, адамзат ғұмырында алар орнына тоқталып өтті.

Қазақстан елшісі Мағжан Ілиясовтың айтуынша, Нидерланд жұрты Абайдың қара сөздерін өз тілінде оқу арқылы қазақтың рухани мәдениетімен танысады.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, ақынның шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button