Басты

EGovMobile қосымшасы амбулаториялық емдеуде қандай дәріні тегін алуға болатынын көрсетеді

EGovMobile-де денсаулық сақтау бойынша жаңа қызмет және «Жылжымайтын мүліктің электрондық техникалық паспорты» деген жаңа цифрлық құжат іске қосылды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

EGovMobile қосымшасы арқылы енді амбулаториялық емдеу кезінде қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін алуға болатынын білуге болады. Сондай – ақ, жаңа цифрлық құжат – «Жылжымайтын мүліктің электронды техникалық паспорты» қолжетімді болды.

«Біз азаматтар үшін пайдалы қызметтер мен сервистердің санын арттыруға тырысамыз. Қазір eGov.kz порталында Денсаулық сақтау саласы бойынша 37 қызмет қолжетімді, біздің мақсатымыз олардың басым бөлігін eGovMobile қосымшасында іске асыру», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Жаңа қызметтің көмегімен қосымшада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық емдеу кезінде азаматқа қандай дәрілік заттар, мамандандырылған емдік өнімдер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қажет екенін білуге болады.

Қызметті қосымша арқылы алу үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну» қызметін таңдап, кезеңді көрсету және қызметке тапсырыс беру қажет. Бір жұмыс күні ішінде сұрау салуөңделіп, жауап келіп түседі.

Қосымшадағы электрондық техникалық паспорт өзімен бірге техпаспорттың түпнұсқасы жоқ адамдар үшін пайдалы болады. Пайдаланушы әрқашан құжатты талап ету орны бойынша көрсете алады. Сонымен қатар, сервис құжат иесіне QR-код көмегімен кіру мүмкіндігін ашу функциясын ұсынады, бұл құжатқа сұрау салушы тарапқа құжаттың түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.

Бүгінгі күні қосымшада құжаттың 6 түрі бар:

Жеке куәлік;

Неке туралы куәлік;

Туу туралы куәлік;

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік;

Некені бұзу туралы куәлік;

Электрондық техникалық паспорт.

Басқа жаңалықтар

Back to top button