Өткен аптада әлемде 4,8 миллионнан астам коронавирусты жұқтыру және 85 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелген еді. Бұл алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда вирус жұқтыру жағдайы 12% – ға, өлім саны – 5% – ға азайғанын көрсетеді. Бұл туралы кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хабарлады, деп жазады BBC.
10-16 мамыр аралығында әлемде коронавирус жұқтырған 4 809 520 адам тіркеліп, 85 975 адам қайтыс болған.
Айта кетейік, 16 мамырдағы жағдай бойынша әлемде барлығы 162 184 263 адам вирус жұқтырған және 3 364 446 қайтыс болған.