ӘлемБасты

19 қарашадан бастап «Qatar Airways» Қазақстанға тұрақты рейстер ашады

2021 жылдың 19 қарашасынан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 рет орындалады.  

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамытуға ықпал етеді. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button