PoliticsБасты

Қазақстан Елшісі Үндістан Президентіне сенім грамотасын табыстады

Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамотасын табыстады.

Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн форматта өткен рәсім барысында үнді мемлекетінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның осы лауазымдағы жұмысы екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді қатынастардың үдемелі одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

Рәсімнен кейін орын алған сұхбаттасуда, тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында Рам Натх Ковинд Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ жаңа Елшіге Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуда сәттілік тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button