ӘлемБасты

«Эмми-2021» номинанттары белгілі болды

«Эмми-2021» сыйлығына номинанттар белгілі болды. Оларды марапаттау рәсімі 19 қыркүйекте Лос-Анжелесте өтеді. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.

Netflix-тің «Корона» және «Disney+» стриминг сервисінің «Мандалорец» телесериалдары тізімде көш бастап тұр: олардың әрқайсына 24 номинациядан тиесілі.

«Драмалық сериалдағы үздік актриса» санатындағы марапатқа «Корона» сериалында Елизавета II және Диана рөлдерін сомдап шыққан Оливия Колман мен Эмма Коррин ұсынылды.

«Мандалорец» – алғашқы ойын сериалы, «Звезные войны» фильмдер желісінің құрамдас бөлігі.

Сериал сюжеті «Возвращение Джедая» фильміндегі уақыттан бес жыл өткеннен кейінгі оқиғалар суреттеледі . Басты рөлдегі – жалғыз жүретін аңшы Дин Джаринді Педро Паскаль сомдады.

«Үздік комедиялық сериал» санатындағы марапатқа 8 картина таласады: «Черноватыйh», «Кобра Кай», «Эмили в Париже», «Бортпроводница», «Хитрости», «Метод Коминского», «Пен15», «Тед Лассо».

Ең үздік мини-сериал атағы үшін «Ход Королевы», «Я могу уничтожить тебя», «Мейр из Исттауна», The «Подземная железная дорога» және «WandaVision» сериалдары бақ сынайды.

«Эмми» (Primetime Emmys) – теледидар экранындағы үздік жұмыстарға берілетін ең беделді марапаттардың бірі.

Қолында символдық атомы бар қанатты әйел түріндегі алтын мүсіншелерді Теледидар өнері және ғылымдар академиясы табыстайды.

Шешімді оның 23 мыңға жуық мүшесі қабылдайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button