Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның 80 жылдығында ұлағатты ұстазға арналған кеш ұйымдастырылды

Абай облысы әкімдігінің қолдауымен және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 80 жылдық мерейтойына арналған өнер апталығы мазмұнды мәдени шаралармен толыға түсуде
Бүгін Абай атындағы театр сахнасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Нұрлан Көшеровтың 60 жас мерейтойына арналған «Ұстаздық еткен жалықпас…» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Ұзақ жылдар бойы ұлттық өнерге адал қызмет етіп, талай таланттың қалыптасуына жол ашқан өнер майталманының шығармашылық жолына арналған бұл кеш көрермен тарапынан зор ықыласпен қабылданды.
Сахнада өнер иесінің әр жылдары тәрбиелеген шәкірттері мен әріптестері бас қосып, ұстаздың өнердегі еңбегіне деген құрметтерін орындаушылық шеберлікпен жеткізді. Кеш ұлттық музыканың асыл мұрасын дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттаған өнер мерекесіне айналды.



