SocialБасты

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елордада «Адамзаттың Абайы» әдеби сазды кеші өтті

Республикамызда 2020 жылдан бастап 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілді. Абай Құнанбайұлының туған күніне орай елордада «Адамзаттың Абайы» әдеби сазды кеші өтті. Қазақ әдебиетіне поэзия жанрын алғашқылардың бірі болып енгізіп, биік шыңына жеткізген ақынның туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Шара барысында заманына туған заңғар адамның қара сөздері, нақыл ойлары, өшпейтін өлеңдері оқылды.

Әдеби сазды кеш «Жастар» театрында өтті. Жобаны Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. Һәкім Абайдың шығармашылығынан шабыт алуға келген тұрғындардың қарасы қалың. Театрға 400 ге жуық көрермен жиналып, көрікті кештің куәгері болды.

«Адамзаттың Абайы» әдеби сазды кешінің шымылдығын театрландырылған сахналық қойылым ашты. Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының орындауындағы «Абай – Тоғжан» спектакльі көптің көзайымы болды. Бала Абайдың – дана Абайға айналған кезеңін санаулы минуттарға сыйғызған әртістердің кәсіби шеберлігі көрермен қошеметімен бағаланды.

Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға да бағытталды!

Басқа жаңалықтар

Back to top button