Social

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндіру фактісі тоқтатылды

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі

Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

«Руданы өңдеу үшін ауыр арнайы техника мен өнеркәсіптік жабдықтар пайдаланылған.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button