EcoSocial

Астанада заңсыз қоқыс төгу фактілері анықталды

Астанада заңсыз қоқыс төгу фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері 52 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды.

Акция басталғалы бері 617 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Тілендиев даңғылы бойында қоқыс төгу фактілері тіркелді. Аталған факті бойынша жүргізушілерге қатысты материалдар жиналып, ҚР ӘҚБтК-нің 344-бабына сәйкес шара қолдану үшін Астана қаласының экология департаментіне жолданды.

Астана қаласы әкімдігімен және «109» Бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізілуде. Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және азаматтардың табиғат тазалығына жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button