Social

Coursera халықаралық конференциясында Қазақстан жетістігі мойындалды

Coursera-ның жыл сайынғы конференциясында еліміз үшін маңызды тарихи оқиға орын алды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық Learning Hero сыйлығымен марапатталды

Learning Hero Award – бұл Coursera платформасының ықпалын көрсететін, білім беру саласындағы жаңашылдық пен өзгерістерге жол ашқан көшбасшыларға берілетін марапат. Бұл – цифрлық оқытуды ұлттық деңгейде дамытып жүрген азаматтарға арналған ерекше тану, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан білім беруді цифрландырудың бірегей үлгісін қалыптастырып келеді. Атап айтқанда, Coursera платформасында қазақстандық студенттер мен оқытушылар 350 000-нан астам сертификат алды, жүздеген курс қазақ тіліне аударылып, студеттерге қолжетімді болды, ЖОО-лар онлайн курстарды академиялық бағдарламаларына интеграциялады, үздік цифрлық ресурстар барлық жоғары оқу орындарының білім алушыларына қолжетімді болды.

Осы стратегиялық қадамдар Қазақстанды бүкіл әлемге цифрлық білім беру реформасын табысты жүзеге асырып жатқан мемлекет ретінде танытты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button