Agro

Қазақстанда 10,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары егілді

Елдің барлық өңірлерінде көктемгі егіс науқаны белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

Министрлікте атап өткендей, алдын ала агротехникалық іс-шаралар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 8,2 млн гектарда себуге дейінгі өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.

«Бүгінгі күні 10 217,1 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. Атап айтқанда: Ақмола облысында – 2 328,6 мың га, Алматы облысында – 265,6 мың га, Ақтөбе облысында – 319,2 мың га, ШҚО – 414,9 мың га, Жамбыл облысында – 327,7 мың га, БҚО – 297,5 мың га, Қарағанды облысында – 678 мың га, Қостанай облысында – 1 325,4 мың га, Павлодар облысында – 828,7 мың га, СҚО – 1 822,5 мың га, Түркістан облысында – 516,6 мың га, Жетісу облысында – 366,2 мың га, Абай облысында – 589,8 мың га және басқа да өңірлерде егіс жұмыстары жалғасуда» – делінген хабарламада.

Дәнді дақылдар – 6,7 млн га, малазықтық дақылдар – 621,2 мың га, көкөніс дақылдары – 110,4 мың га, картоп – 90,5 мың га, бақша дақылдары – 82,2 мың га, майлы дақылдар – 2 173,9 мың га, мақта – 141,2 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, күріш – 74,4 мың га жерге егілді.

Диқандар 1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыш жеткізуге келісімшарттар жасасты, оның 932,6 мың тоннасы жөнелтілді.

«Ағымдағы жылға тұқымға қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, оның 100%-ы дайындалды.

Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 263,9 мың тоннасы жөнелтілді.

Егіс науқаны жоспарлы түрде жалғасуда» – деп хабарлайды министрлікте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button