Social

Су басқан үш облыста жол қозғалысы шектелді

Бүгін сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

  • Ақтөбе облысы:

– «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

  • Қостанай облысы:

– Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

  • Солтүстік Қазақстан облысы:

– «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды» – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button