Social

Моңғолия Қазақстанның асфальтбетон жабындарын салу және сынау бойынша тәжірибесін меңгеруде

Моңғолия мамандары автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және заманауи технологияларды енгізу мақсатында Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамыту тәжірибесін меңгеруде. «Ай Роуд» (Моңғолия) компаниясының инженерлері «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ («ҚазжолҒЗИ») базасында өткізілген біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, асфальтбетон қоспаларын іріктеу және сынаудың зертханалық әдістерін меңгерді.

Қазір, қатты асфальтбетон жабындары бар жолдардың ұзындығын арттыру – Моңғолия үшін басым бағыттардың бірі болып отыр. Алайда, елдің климаттық ерекшеліктері температураның күрт өзгеруімен сипатталатындықтан, жол төсемінің беріктігі де басты мәселелердің қатарында. Қазіргі таңда жолдардың басым бөлігі топырақты және қиыршық тасты жолдардан тұрады, ал олар маусымдық климаттық өзгерістерге байланысты бұзылатыны белгілі. Бұл мәселелер бір кездері Қазақстанның алдында да тұрған, алайда бүгінде еліміз өз жағдайына арналған жол технологияларын сәтті бейімдеп, ұлттық стандарттарын әзірлеп, заманауи материалдарды енгізді.

Екі елдің климаттық жағдайлары бір-біріне ұқсас: күрт континенталды климат, температураның -45°C-тан +45°C-қа дейін жетуі және топырақтық қасиеттері. Бұл факторлар Қазақстан мен Моңғолияда сапалы әрі төзімді асфальтбетон жабындарын қолдануды басымдықты міндеттердің біріне айналдырады.

Қазақстандық тәжірибенің шетелде сұранысқа ие болуы заңды құбылыс. «ҚазжолҒЗИ» жүргізген зерттеулері мен елдің инфрақұрылымды дамыту стратегиясы нәтижесінде республика соңғы онжылдықтарда жолдың құрылысы мен күтіп ұстау бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button