Басты

Қансонар турнирінің жеңімпаздары анықталды: Мәсіп Батырханұлының атындағы халықаралық жарыс аяқталды

 

Ақмола облысы, Біржан сал ауданында өткен екі күндік халықаралық «Қансонар» құсбегілер турнирі өз мәресіне жетті. Бүркіт, ителгі, қаршыға құстары бойынша жарысқа 70 құсбегі қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп бақты. Құстың табиғи сұлулығын бағалап, құсбегілердің өнерін тамашалауға Қырғызстан, Моңғолия және Мажарстаннан келген қатысушылар да атсалысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Бүркіт құсы бойынша:
1 орын — Қошқаров Арман (Атырау облысы)
2 орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
3 орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)

Қаршыға құсы бойынша:
1 орын — Бабажанов Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын — Бәйетбай Сағыныш (Алматы облысы)
3 орын — Жаңбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)

Ителгі құсы бойынша:
1 орын — Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
2 орын — Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
3 орын — Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)

Турнирге Мәсіп Батырханұлының ұрпағы Шынарбек мырза және әлемге танымал құсбегілік өнердің тұлғасы Таңшолпан Нұрғайып қатысты. Олар ақжарма тілектерін білдіріп, қатысушыларды құттықтады.

Турнирді ұйымдастыруға «Құсбегілік Федерациясы» РҚБ, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ үлкен қолдау көрсетті.

Құстармен байланысты дәстүрлі өнерді дамыту және таныту мақсатында ұйымдастырылған бұл турнир ұлттық мәдениеттің маңыздылығын тағы да дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button