Ерлан Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген өкім мәтінінде.