SocialБасты

ҚР Ауылшаруашылығы министрі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз-халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып, бабадан балаға мирас болып келе жатқан алтын арқаулы төл мерекесі. Қытымыр қыстың ызғары қайтып, жер тоңы жібіп көктем шығып, күллі тіршіліктің бойына жаңарып жан бітетін ғажап мезгіл келді.

Бұл ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін, төрт түлігінен төл күтіп отырған фермерлеріміз үшін нағыз мейрам.

Өкінішке қарай, биыл Наурызды тойлау дәстүрі жарты әлемге жайылған індеттің кесірінен өзгеріп тұр. Осы сындарлы сынақтан ел-жұртымыз аман өтсе соның өзі үлкен мереке деп білемін.

Дана халқымыз «Жақсы сөз, жарым ырыс» деп жылдың басын тұнық тілекпен, пәк пейілмен, ақ батамен бастаған. Ендеше, табалдырығымыздан аттайтын жаңа жыл жақсылық әкелсін. Егініміз бітік шығып қамбамыз астыққа, төрт түлігіміз түгел төлдеп қорамыз малға толсын. Ең бастысы жерімізде жұт болмаса, төрімізден құт кетпейтіні анық.

Наурыз-әр жанұяға амандық, босағаға береке, шаңыраққа шаттық әкелсін!

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button