Social

Қанша қазақстандық жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылған

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер 3 млн 926,5 мың жұмыскердің пайдасына 98,4 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда өз жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен, биыл 1,5 %-дан 2028 жылға қарай 5%-ға дейін енгізу басталды.

Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шара қазақстандықтардың жас ұрпағын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы аударымдар есебінен – жинақтаушы жұмыс берушілердің жарналары есебінен – зейнетақы және шартты-жинақтаушы зейнетақы.

ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туылған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.

ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button