SocialБасты

Тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға 19 мыңнан аса өтінім берілді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі таңда азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылуда.

2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19285, олардың 4750-і мақұлданды.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782, 
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887 және т.б 

Еске сала кетейік, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы ағымдағы жылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button