Education

Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.

Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.

Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.

Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді. 2023-2024 оқу жылының аяқталуында «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.

Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button