Денсаулық сақтауды қаржыландыру тапшылығын ішкі резервтердің есебінен өтеу ұсынылады
Медициналық көмек көрсетуге қаржы тапшылығын жабу үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі ішкі резервтер іздестірілетін болады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл емдеу-диагностикалық процестерді оңтайландыру және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесін қайта қарау арқылы жасалады, бұл қаражатты тиімдірек жұмсауға мүмкіндік береді.
Қаражатты үнемдеудің екінші мысалы – әлеуеті толық пайдаланылмаған қымбат тұратын медициналық жабдықты сатып алу тәсілдерін қайта қарау. Осыған байланысты, қаражатты пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық жабдықтарды сатып алудың 2024 жылға арналған бекітілген жоспарына терең талдау жүргізілуде.
Сондай-ақ, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде бірінші кезекте халық үшін базалық дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Соңғы жылдары аурулар тізбесі мен дәрі-дәрмектер тізімінің бақылаусыз кеңеюі қажетті препараттардың жетіспеу жағдайына әкелгенін мойындау керек.