Social

Оқу-ағарту министрлігі мен ТЖМ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күш біріктірді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз балаларымыздың, студенттер мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін біріктіруді көздеп отырмыз. Осы ынтымақтастықтың арқасында білім беру ұйымдары төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде қосымша білім мен дағдыға ие болады», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Сондай-ақ ведомстволар білім беру қызметкерлерін қауіпсіздік техникасына оқыту және оны тарату бойынша және білім беру ұйымдарының жеке құрамының әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында оқыту іс-шаралары мен жаттығуларын бірлесіп өткізетінін атап өткен жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button