SocialБасты

Талғат Темірханов: «Ақылы автожолдар тарифін көтеру азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қымбаттауына әкеледі»

Биыл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақылы автожолдар желісін тағы 5,8 мың шақырымға ұзартуды жоспарлаған, сонымен қатар алдын ала деректер бойынша 2021 жылдың сәуірінде жол жүру құнының жаңа ставкасы  бекітіледі.

«Атамекен» ҰКП мамандары ұсынылып отырған тарифтер халық тұтынуына әкелінетін азық-түлік пен тауарлардың қымбаттауына, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қазақастандықтарға түсетін тағы бір жүктемеге айналатынына алаңдаушылық білдіруде.

«Бүгінде Қазақстанда 682 шақырымға созылған ақылы жол жұмыс істейді, 2021 жылы тағы 5,8 мың шақырым ақылы болады. Осы ретте мемлекеттік орган төлемнің жаңа механизмін әзірлеген, енді көлік жүргізушілері ақылы бөлік үшін алдын ала төлеп, ал жолды өтерде төлей алады. Төлемнің екінші нұсқасы  2 есе қымбатырақ», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.

ҚР ИИДМ бұйрығы жобасына сәйкес ақылы жол бөлігінде автобустарға алдын ала төлем бойынша жүру құны автобустағы сыйымдылыққа қарай 1 км үшін 5-тен 15 теңгені құрайды, жүк көліктері үшін – жүктің сыйымдылығына қарай 10-нан 25 теңгені құрайды. Бұл ретте жол құнын тура жол үстінде төлеу автобустарға 1 шақырымға 7,5-тен 22,5 теңгеге дейін, жүк көліктеріне – 15-тен 37,5 теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Алдын ала есептеулер бойынша тасымалдаудың өзіндік құны 17 пайызға дейін жоғарылайды, бұл жайт түпкі өнім құнына әсер етеді.

«Жолдарды ақылы ету жол сапасын бюджеттік қаражатты тартпай бір қалыпта ұстауға мүмкіндік беретінін түсінеміз, алайда көлік жүргізушілері жаңа тариф тасымалдаудың өзіндік құнына әсер етеді деп дабыл қағуда», – деп атап өтті Талғат Темірханов.

Карантиндік шектеулер мен тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты бизнес қосымша шығынға ұшырайды, себебі жүк іздеу кезінде көліктің бос жүрісі артады, мұнда тасымалдаушыға ақылы жолдар құнын өз қалтасынан төлеуіне тура келеді.

«Алдын ала есептеулерге сәйкес шамамен 2,6 мың шақырымды құрайтын Орал–Алматы бағыты бойынша 15 тоннадан жоғары 1 көлік құралымен жүкті тасымалдау құны ақылы жолдарға алдын ала төлем 65 мың теңгені және тура бекетте төлеу 97,5 мың теңгені құрайды. Жүк көліктерімен азық-түліктері мен дәрі-дәрмектің, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тізімге кіретін препараттардың негізгі бөлігі тасымалданады», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Осы ретте Еуропа елдерінің тәжірибесі ескерілмейді, онда бос жүрген жүк көлігі немесе бос жолаушы автокөлігі, автомобильдердің экологиялық санаты бойынша тарифтер жіктелімі бар. Бұған қоса отандық кәсіпкерлер сөреге жеткен өнімнің құны қымбаттайтынын болжауда.

«Әлеуметтік шиеленісті жою мақсатында біз жүк тасымалдаушыларға жүріп өткен жолына байланысты  жинақталған жеңілдікті белгілейтін әртараптандырылған тарифті абонементпен қамтамасыз ету түріндегі артықшылықты қарастыруды ұсынамыз. Ал жол жүру құнын жарты жылға немесе бір жылға төлеп қоюға дайын жүк тасымалдаушыларға жеңілдікпен абонемент қарастыруға болады», – деді Талғат Темірханов.

Алайда ҚР ИИДМ уәкілетті органы автожолдардың ақылы бөліктерімен жүру құнының қолданыстағы ставкалары өнім (жүк) құнының өсуіне айтарлықтай әсер етпейді деп санайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button