Басты
Алматыда қоғамдық көліктер 20 пайызға қысқарды
Алматыда қоғамдық көлік 20%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кейбір бағыттар бойынша маршруттар 20% қысқарды. Қазір барлық қоғамдық көлікте бейнекамера орнатылған, сол бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Егер жолаушылар саны артатын болса, қосымша автобустар шығарылады»,- деді онлайн брифинг барысында Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов.
Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген.