SocialБасты

Қазақстанда тұрғын үй өтімі 15% өсті

2022 жылдың соңында Қазақстанның тұрғын үй қоры 405,2 млн шаршы метр болды, оның ішінде 263,9 млн шаршы метр – қалаларға, ал 141,2 млн шаршы метр – ауылдық елді мекендерге тиесілі, деп хабарлайды  ranking.kz сайтында.

Бұл ретте тұрғын үй қорының – 97,7% жекеменшікте, тек 2,3% мемлекеттік меншікте.

2010-2021 жылдар аралығында тұрғын үйді пайдалануға беруде тұрақты өсім байқалды. Белгілі бір кезеңдерде динамика жоғары болды. Алайда, 2022 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет төмендеді: бір жылда 7,4% азайып, 15,7 млн шаршы метр болды. Ал, осы құлдыраудан кейін биылғы алғашқы бес айда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,5 млн шаршы метр болды, бұл – 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 15,4% көп. Оның ішінде 3,1 млн шаршы метрі – көппәтерлі үйлер, 2,3 млн шаршы метрі – жеке үйлер бар. Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5,1 млн шаршы метрін немесе жалпы ауданның 93,5%-ын жеке құрылыс компаниялары салған.

Өңірлер бойынша биыл тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең жақсы көрсеткіш Астанада (1,2 млн ш.м), Алматыда (938,7 мың ш.м) және Алматы облысында (397 мың ш.м) тіркелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button