Оның көлемі Лондон қаласының аумағымен бірдей, шамамен 300 мың шаршы шақырым. Бұл туралы Ұлыбританияның Антарктидадағы қызметі хабарлады. Мамандар бөлінген айсберг алдағы уақытта еруі мүмкін деп болжайды. Естеріңізге сала кетейік, материктегі мұздар өткен жылдың аяғында жарылып, тіпті кейбірі суға айнала бастаған. 2000 жылдары Антарктидада жылына 50 миллиард тонна мұздық еріген. Ал 2018 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 есе артқан.