Басты

7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымында жұмыс істемек

7 қазақстандықты волентер ретінде БҰҰ құрылымдарындағы жұмысқа бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 7 қазақстандықты волонтер ретінде БҰҰ құрылымдарындағы жұмысқа бағыттау жоспарланып отыр», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның дамуы мен әлеуметтік маңыздағы мәселелерді шешуге үлес қосқан үздік волонтерлер мен бастамалар «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен ынталандырылады.

«Әрине, бір жылда волонтерлікті дамыту үшін барлық бастамаларды аяқтау қиынға түсетіні анық. Алайда ол ары қарай жүйелі дамыту үшін өзгерісті кезең болып отыр», – деді А. Балаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button