Жапония алтыншы буын (6G) байланыс жүйесін жасаумен айналысатын компанияларға 70 млрд иен (шамамен 652,4 млн доллар) бөлуге ниетті. Бұл туралы Kyodo хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, олар 2030 жылға дейін 6G енгізуді жоспарлап отыр.
Жапон билігі АҚШ пен Оңтүстік Кореяның 5G-ді қолдану бойынша алда екендігіне алаңдаулы. Сондықтан олар енді жоғары жылдамдықты жүйелер саласында көшбасшы болуға ниетті.
Сондай-ақ Қытай, Оңтүстік Корея және Финляндия да зерттеуді бастап кетті. Олар да алтыншы буын байланысын дамытуға қаржы құюда.