Ұлттық Экономика министрлігінің өкілдері Еуропарламент депутаттарымен кездесті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде инвестициялық саясат саласындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарлар мен елдің транзиттік әлеуеті қаралды.
«Еуропалық одақ ҚР-дың негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтуіміз керек. ЕО-ның Қазақстанға көрсетіп жатқан көмегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын іске асырудағы тиімді шара болып табылады. Себебі біз 2025 жылы ЭЫДҰ-ға қосылуға өтініш беруді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Ә.Қуантыров.
Өз кезегінде еуропалық тарап Қазақстанмен ЕО-Орталық Азия форматындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Қазақстан-Еуропалық Одақ:
2023 жылғы қаңтар-маусымда тауар айналымы $20,2 млрд құрады.
Экспорт – $15,2 млрд.
Импорт – $5 млрд.
ҚР және ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, сауда, инвестициялар, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін қамтиды. Жалпы 29 сала.