EducationБасты

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ АҚЫЛДЫ ЖЫЛЫЖАЙ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

10-11 сыныптың жас өнертапқыштары жылыжайды автоматтандыруды ұсынады. Оқушылар ұсынған жоба жылыжайда өсірілетін көкністер мен жеміс-жидектерді суару технолгиясын жеңілдетеді. Олар заманауи технолгияны пайдалана отырып, топырақ пен ауа ылғалдылығын, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапты.
Arduino сандық бағдарламасымен жасалған «ақылды жылыжай» веб-интерфейсы арқылы басқарылады.
Жас өнертапқыштар командасының айтуынша, бұл шаруаларға су мен электр энергиясын үнемдеп қана қоймай, жылдың кез-келген мезгілінде, ауаның қолайсыздығына қарамастан, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың мұндай технологиялық тәсілді ойлап табуына өңірдегі жаз мезгілінің қысқалығы мен ауа температурасының салқындығы себеп болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button