Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап Jana-kezen.kz хабарлайды.
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы тағы 20%-ға, ұлттық ЖОО оқытушыларының жалақысы 28%-ға ұлғайды.
Жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын колледж студенттерінің стипендиясы 30%-ға, орта буын мамандықтары бойынша 25%-ға өсті.
Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы мен магистратура бойынша стипендия 25% өсті.
Педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы бір жылдың ішінде 21 мыңнан 42 000 теңгеге дейін ұлғайды.
Докторанттардың шәкіртақысы бір жылдың ішінде 82 мың теңгеден 150 000 теңгеге дейін ұлғайтылды.