AgroБасты

Қостанай облысында шегірткеге қарсы 385,3 мың га өңделді

Қостанай облысында табын шегірткелеріне қатысты мониторингтік және қорғау іс-шаралары жалғасып жатыр. Мамандар зиянкестердің бар-жоғын анықтау үшін 2 млн гектардан астам жерді зерттеді. Өңдеуге жататын 409,3 мың га жердің фитосанитариялық іс-шаралардың 385,3 мың га немесе жоспардың 94,1% өндірілді.

Сонымен қатар, жәндіктердің таралуы тіркелген жекелеген шаруа қожалықтарымен нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мәселен, Науырзым ауданындағы «Кошкодан С.И.» шаруа қожалығының зерттеу алаңы 3,7 мың га құрайды. Шекара маңындағы аудандардан табын шегірткесінің көші-қоны нәтижесінде осы аумақтың барлығы өңделуге жатады.  Шаруа қожалығының басшысы өз қаражаты есебінен 1,6 мың га, бюджет қаражаты есебінен 2,1 мың га өңдеді. Химиялық өңдеуді жүргізу үшін авиатехника мен аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды. 14 шілдедегі жағдай бойынша қорғаныс шаралары аяқталды. Егістерді бақылау тексерісі шаруа қожалығы басшысының қатысуымен жүргізілді. Егістікке зиянкестерден зақым келген жоқ.

Сонымен қатар, Жангелдин ауданында  «Касенов Т.Г.»  ш/қ мақсары егістіктерінде табын шегірткелері бойынша мониторинг жүргізу кезінде алқапқа аздап зақым келгені анықталды. Визуалды тексеру кезінде ақбөкендердің таптауынын келген зақым екені анықталды, бұған жануарлардың тұяқтарының іздері, жатқан жерлерінің орындары және тезектері дәлел болды.

Мақсары мен басқа өсімдіктердің барлық қалдықтарында ақбөкендердің қоректену белгілері, шегірткелерден зақымдану іздері табылған жоқ.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған өңірде 10-20 мың га алқап шегірткеден зардап шеккені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Барлық өзекті және шынайы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми веб-ресурстарында жарияланып отырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button